1. "География сабағында заманауи платформаларды қолданудың ерекшеліктері" тақырыбында семинар » Карасай батыр атындағы орта мектеп
Алматы облысы
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"Карасай батыр атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1. "География сабағында заманауи платформаларды қолданудың ерекшеліктері" тақырыбында семинар
24
март
2022

1. "География сабағында заманауи платформаларды қолданудың ерекшеліктері" тақырыбында семинар


«Алматын  облысы   білім    басқармасының  Қарасай    ауданы   бойынша  білім   бөлімі» мемлекеттік   мекемесінің  «Қарасай батыр атындағы  орта  мектеп»   коммуналдық  мемлекеттік  мекемесінің

семинардың  №1 хаттамасы   



«24»  наурыз  2022ж                                                      Шамалған   ауылы


Қатысқандар-41  

Қатыспағандар-5(себепті)


Төрағасы    А.Коржумбаева

Хатшы  А.Жубантаева 


Күн тәртібінде:

  1. "География  сабағында заманауи платформаларды қолданудың  ерекшеліктері"тақырыбында семинар барысы


Тыңдалды 

         «Алматын   облысы  білім    басқармасының  Қарасай    ауданы   бойынша  білім   бөлімі» мемлекеттік мекемесінің   әдіскері  Нурғазы Айнур Нурғазықызы сөз алды.

   Бүгінгі таңда білім берудің сапасы мен деңгейін жан-жақты көтеріп, жаңаша ойлайтын, оқыту мен тәрбиенің жаңа технологиясын күнделікті жұмысында қолдана білетін ұстаздардың ғана жұмысы жемісті болмақ. Тек терең білім, іскерлік дағды, кәсіби біліктілік кез-келген ұстаздың күнделікті іс-әрекетіне енгенде ғана қабілетті тұлға, яғни жан-жақты заман талабына сай, дүниетанымдық қасиеті дамыған, сыни тұрғысынан ойлауды көздейтін ойшыл азамат тәрбиелеу болса, оны атқаруда колледж әдіскерлеріне  үлкен жауапкершілік жүктелетіні анық.  

               Алматы   облысы , Қарасай ауданы  білім бөлімінің  ұйымдастыруымен    2022 жылдың 24  наурызында "География   сабағында заманауи платформаларды қолданудың  ерекшеліктері"   тақырыбында семинар    өтті. Семинар  мұғалімдердің кәсіби шеберлігін  шыңдау, оқытудың заманауи платформаларын  тәжірибеде қолдану және тарату мақсатында өткізілді. Аудандық  семинар   офлайн   форматында жүргізілді. Семинарға   ауданның 49  мектебінің      география   пәнінің ұстаздары қатысты.

    Вебинар барысында  қатысушыларға 2021-2022 оқу жылында     география  сабағында заманауи платформаларды қолданудың  ерекшеліктері  оның  түрлері,формалары мен әдістері, сабақтарда қолданудағы тиімділіктері,  жас ерекшеліктеріне қарай қолдану жолдары   жайлы  маңызды мәселелер  талқыланды. Семанар практикум  Қарасай   ауданының  білім бөлімінің  жоспарына сәйкес  ұйымдастырылды. Аудандық білім бөлімінің   әдіскері   Айнур  Нурғазықызы  сөз алып, аудан   сабақтарда білім сапасын арттырып, табасты нәтиже беретін  замануи  платформалардың тиімділігі , мол мүмкіндіктері   жағдайлары  мен   жолдары тоқталып әдістемелік бағыт-бағдарларға баса  назар аударды.  

Сөз сөйлегендер:

   1.Б.Момышұлы   атындағы орта мектебінің  география пәні мұғалімі  Г.Азербаева.

    Семинарды Үшқоңыр аумақтық мектептерінің  6 ұстаздары өз тәжірибелерін  ортаға салды. Олар: Үшқоңыр ауылындағы мектеп-гимназияның география пәні  мұғалімі   А.Т.Кадирова «Исползование интернет ресурсов на ураках географии» тақырыбнда ,    Шамалған ауылындығы орта  мектебінің география пәні  мұғалімі Б.У.Туймбаев, «Ұлтаралық  және дінаралық  келісім» тақырыбында «География пәнін оқытуда қолданылатын интернет ресурс


тары» тақырыбында  Қарасай  батыр атындағы  орта   мектебінің  география пәні мұғалімі  А.Б.Утебаев,  «Қазақстанда  адам   капиталының дамуы»тақырыбында М.Әуезов атындағы  орта   мектебінің  география пәні  мұғалімі А.С.Туякова, Үштерек орта  мектебінің  география пәні  мұғалімі А.С.Жиемуратов, «Қазақстандағы   өңдеу өнеркәсібінің орталықтары» тақырыбында, «Табиғи  ресурстардың   жіктелуі»  тақырыбында  Еңбекші  орта мектебінің география пәні  мұғалімі М.О.Асетолланова  заманауи платформаларды тиімді пайдаланудың жолдарын, оқушылардың сабақта белсенділіктерін арттыруға, қызығушылықтарын оятуға  өз септігін тигізуге ықпалы мол екенін дәлелдеп, тәжірибеде көрсете білді. 

  1. Ж.Бәрібаев   атындағы орта мектебінің география пәні мұғалім Б.Кенжебаев  

     Семинар жұмысына қатысушылар  жоспарланған жұмыстардың жүйелі ұйымдастырылуы, өте тиімді әрі  пайдалы әдіс-тәсілдерді сабақтарды пайдалануға мүмкіндіктер бар екенінен көз жеткізіп,  ой-пікірлерімен  бөлісіп, ақпараттық-әдістемелік көмек алды. Әсіресе «География пәнін оқытуда қолданылатын интернет ресурстары» тақырыбында өткізген  Қарасай батыр атындағы орта мектебінің география пәні мұғалімі Асқар   Бүркітұлының  сабақтарда қолданатын  интернет ресурстары өте пайдалы, қолжетімді әрі білім  алушылардың пәнге деген  қызығушылықтарын оятуға тиімді әдіс тәсілдерді көре алғандығын айтып өтті. Маңызды ақпараттар мен озық тәжірибелері үшін ұйымдастырушыларға зор алғысын білдірді.«Үйренгенді желге ұшырмай іске асыр» деп Ж.Баласағұн бабамыз айтқандай, бұл дағдыларды іске асыру практикамен келетіні сөзсіз.Ең бастысы, мұғалімдер қауымдастығының бірлескен әрекеті, әріптестердің тапсырманы бірлесе құрастыруы, ұйымдастыруы оқытуда өз нәтижесін беретіндігі тәжірибеде дәлелденгендіктен, осы үдеріс әр мектептің мызғымайтын тұғыры бола білуі тиіс.

Қаулы 

- Семинар  мектептер жұмысының нәтижелі  қырларын таныта  білу

-Тәжірибе барысында серіктес мектептермен кәсіби байланыс орнату, заманауи платформалардың маңыздылығы ,білім сапасын арттырудың тиімді   әдіс-тәсілдерін  ұтымды  пайдалану;

-Мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін дамыту бойынша жұмыстар ұйымдастыру және жетекші мектеп ретінде аймақта  әдістемелік  бірлескен іс-шаралар өткізу. 

-Тәжірибе тарату,өзара оқытуды ұйымдастыру үшін ынтымақтастық орта құру ;

-Берілген кері байланыстар негізінде,  мектептерде ашық сабақтар тізбегін жалғастыру, сыртқы ортамен байланысты нығайту.

-Өткізілген   іс-шаралардың  жинақ   материалдарын БАҚ  құралдары  мен   әлеуметтік желілерге  тарату 



                                Төрағасы                                      А.Коржумбаева

                                Хатшы                                         А.Жубантаева




 



 


 


 


 



 



 


 



 









 


 


 








 



 




 




 


 


 


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив