23
ноябрь
2020
«Қарасай батыр атындағы орта мектеп»коммуналдық мемлекеттік мекемесінде тегін ыстық тамақтың ұйымдастырылуы
«Қарасай батыр атындағы орта мектеп»коммуналдық мемлекеттік мекемесінде тегін ыстық тамақтың ұйымдастырылуы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 13 сәуірінде қабылданған №198 бұйрығы 5-қосымшасын басшылыққа ала отырып,әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күн көрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушыларға қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты жұмсау мақсатында жұмыстар жүргізілді.2019жылы 7427854,56 тиын (жеті миллион төрт жүз жиырма жеті мың сегіз жүз елу төрт теңге) 56 тиын бөлінген .
«Қарасай батыр атындағы орта мектеп»коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2019 жылдың қаңтар айынан бастап «Жалпыға бірдей білім беру қорынан»бөлінген қаражатты игеруге байланысты және тұрмыс жағдайы төмен,көп балалы отбасылар, жартылай жетім,ата-ана қамқорлығынсыз қалған ,жетім оқушыларға көмек көрсету мақсатында 153 оқушы ыстық тамақпен қамтамасыз етілуде.Тегін ыстық тамақтың құны 267 теңгені құрайды. Жоғарыда аталған 153 оқушының тізімі анықталып,ата-аналарынан өтініштер алынып, құжаттар жинақталды. Балалардың тегін ыстық тамақты ішуін мектетің әлеуметтік педагогы М.Егізбайқызы асхана диетологі Нуркасымова Шолпан қадағалап отырады. Асханаға оқушылардың тамақтану кестесі ілінген.Онда тамақтардың атауы,әр дайын тағамның шығымы көрсетілен.Осы ас мәзірі бойынша тағамның дайындалуын күнделікті қадағалап отырады.Асханада ауыз суға арналған арнайы құрылғы орнатылған.Асханада қол жуатын қолжуғыш,сабын,қол сүртетін қолсүлгі үнемі қолданыста тұрады.Асхананың іші таза ,жарық,санитарлық талапқа сай.Ай сайын оқушылардың тамақтану табелі жасалып,сынып жетекшілер қадағалап қол қойып отырады.Тегін тамақ ішетін оқушыларға тоқсан сайын талон беріледі, талон мектеп директорының қолымен бекітілген.Оқушылар сол талаон арқылы асханаға барады. Мектеп асханасындағы азық-түліктердің сапасын және ас мәзірінің мәмдік сапасын бақылауына бракераж комиссия мүшелері құрылған. Бракераж комиссия мүшелері азық-түлікткрдің сапасын ,санитарлық талапқа сай болуын қадағалайды.