Мектеп тарихы
Шамалған ауылы шағын болса да, талай-талай тарихи оқиғаларды басынан кешкен. Сол тарихтың бір тармағы Фурманов мектебінің іргетасы сонау патшалы Ресей заманында қаланды. 1911 жылы діни және жазу- сызуды үйрететін күндізгі мектеп ашылды.
Білім алушылар өте аз болды, аухаттылардың балалары оқыды.
1917 жылғы революциядан кейін 1919 жылы Шамалған ауылында алғашқы бастауыш мектеп ашылды.
1929-1930 жылдары мектепте оқыту орыс-қазақ тілдерінде жүргізілді, кейін кешкі мектеп ашылған кезде, күндіз балалар оқыса, кешке ересектер сауатын ашты.
1920-1930 жылдар сауатсыздықты жою Шамалған ауылында жүріп жатты.
Мектеп жетекшісі В.Богданов, көмекшісі И.Бородумен болды.
1930 жылы мектепке Д.Фурманов аты берілді.
1932 жылы мектеп комсомол ұйымы құрылды.
1933 жылы М. Мадиев мектеп директоры болып тағайындалды.
1940 жылы комсомол ұйымының мүшелерінің саны 60-қа жетті.
1940 жылы Д.Журба мектеп директоры болып тағайындалды. Сол жылдары музыка үйірмелері құрылды, оған В.Гаврин жетекшілік етті.
Соғыс жылдарында мектеп өз жұмысын тоқтатқан жоқ. Түске дейін білім алса, түстен кейін ауыл шаруашылығына көмектесті.
1944-1945 жылдары математика пәнінің мұғалімі Панар Есімқызы директордың орынбасары қызметін атқарды. Бұл кезде бес оқу корпусы болды. Бұрынғы Киров қазіргі Жібек жолы көшесінің бойында орналасқан мектепте 450 оқушы және жанындағы интернаттағы 50 оқушыға жеті кластық білім берілді.
1955-1956 жылдары мектепке орта мектеп статусы берілді. Мектеп директоры болып А.Сүлейменов тағайындалды.
1960 жылдары білім алушы балалар саны 1150, мұғалімдер саны 63 жетті.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1948-1957 жылдары аралығында 1 сыныптан 9 сыныпқа дейін білім алды. Жас кезінен Нұрсұлтан Әбішұлы білімге құштар, зерек, ұқыпты, алғыр оқушы болды. Жас натуралистер үйірмесінің белсенді мүшесі болды. Әдеби кітаптарды қызыға оқитын ол үздік оқушы атанды. Барлық пәндерден өте жақсы деген бағаға оқыды. Мейірімділік пендостықты жоғары бағалайтын Нұрсұлтан Әбішұлы сыныпта бірге оқитын жолдастарынаүнемі көмектесіп, қамқор бола білді.
1955-1967 жылдар аралығында 456 оқушы мектеп бітірсе, оның 19-ы медальмен бітірді.
Мектепте Лиза Чайкина атындағы дружина жұмыс істеді. Пионерлер қатарында 600-ге жуық оқушы болды. 1965-1976 жылдар аралығында мектеп директоры болыпГ.А.Абдулкаримов жұмыс істеді. Мектепте 1750 оқушы білім алып , мұғалімдер саны 70-ке жетті, 13 үйірме жұмыс істеді. Физика, химия кабинеттері жабдықталды.
Осы жылдары мектеп ішінде кітапхана ашылды. Сол кездегі кітап қоры 4000 дана болды.
1974 жылы 720 орындық жаңа мектеп салынды.
Мектеп өмірі мен тарихы ұрпақтан – ұрпаққа жалғаса береді. Мектепті басқарған директорлардың тарихта аты қала бермек.
1930-В. Богданов
1933- М. Мадиев
1940-Д. Журба
1945-1955 – Дмитровский А.И.
1955-1960-Сулейменов С.К.
1960-1965 – Акатов С.А.
1965-1976 – Абдулкаримов Т.А.
1978- Айтмағамбетов К.А.
1980- Жаппасов К.А.
1981-1982- М.К. Жанұзақова
1982- Е.М. Щупик
1990- Самуратов З.Н.
1991-2004-Баймұратова Ф.И
2004-2008-Медеуова Г.А
2008-2010- Далабаева М.Т.
2010-2014- Медеуова Г.А
2014-жылдан бері - Алимжанова Д.А.
1999 жылы ҚазақстанРеспубликасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 сәуірдегі № 444 шешіміне сәйкес мектепке Қарасай батыр атындағы орта мектеп аты берілді.
2008 жылымектеп ғимараты күрделі жөндеуден өтті.
Мектеп тарихымен астаса 8 5 жыл адам өмірі үшін аз уақыт емес. Ойлап қарасақ, ұстаздық қызмет бүлдіршіндерге білім тәрбие беру жұмысы мұғалім өмірінің бөлінбес бір құрамына айналады. Иә бұлай болуы заңды да себебі 30-40 жыл ғұмырының жартысына жуғы, еңбекпен ізденіске толы шақтармен сәйкес келеді. 1999 жылы мектепке Қарасай батыр аты берілді.
Соңғы он жыл көлеміндегі мектеп бітірушілердің жетістіктеріне тоқталсақ:
1999 жылы 8 оқушы мектепті үздік көрсеткішпен аяқтады: Жұмабаева Айгерім, Құрманова Гүлсара, Өлмесекова Айнұр, Алдашева Эльмира, Есембаева Гаухар, Кельвих Галина, Матвеева Надежда, Хомайко Татьяна.
2000 жылы 8 оқушы мектепті үздік көрсеткішпен аяқтады: Альменбаева Асель, Арапов Ернат, Баймұратов Асқар, Катубаева Жанар, Сексенбаева Айман, Жаңабаев Ербол, Құрманбаева Динара, Жаңабергенова Ақнұр.
2001 жылы 7 оқушы мектепті үздік көрсеткішпен аяқтады: Аман Салтанат, Әлназарова Нұрзат, Бакишева Алия, Жаңаберген Берікжан, Жайлаубаев Жомарт, Нұрбаева Альфия, Утина Марина.
2002 жылы 9 оқушы мектепті үздік көрсеткішпен аяқтады: Ахметова Дана, Сарсенова Шынар, Сексебаева Айжан, Тұрлығожаева Ляззат, Бақытбекова Динара, Буйлук Виолета, Рябинина Татьяна, Сатқанбаева Құндыз, Баймухамбетова Динара.
2003 жылы 2 оқушы мектепті «Алтын белгі» иегерлері атанса , 7 оқушы ерекше үлгідегі аттестатпен аяқтады. «Алтын белгі» иегерлері: Ыбытаева Ғалия, Қилыбаева Айгерім. Ерекше үлгідегі аттестат иегерлері: Байсартова Аида, Жаңабергенова Гүлнұр, Жақатаева Сания, Садвакасова Асель, Таласова Айгерім, Құрманбаева Индира, Насанов Азат.
2004 жылы 1 оқушы мектепті «Алтын белгі» белгісімен аяқтады: Айдинова Наргиз.
Мектебіміздегі «Шапағат» тарихи- өлкетану мұражайының жетекшісі, тарих пәнінің мұғалімі, Қазақстан Республикасының оқу-ағарту ісінің үздігі Байқонысова Рымкеш Шәйкенқызы 2007 жылы 14 желтоқсанда Тәуелсіздіктің 16 жылдық мерекесіне орай Астана қаласындағы Ақорданың мрамор залында Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлының қолынан «Құрмет» орденімен марапатталды.
«Мектеп – шәкіртімен мерейлі» демекші мектебімізде білім алған атақты тұлғалар:
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев- Қазақстан Республикасының Президенті. 1-8 сынып аралығында 1948-1957 жылдары бұрынғы Фурманов, қазіргі Қарасай батыр мектебінде білім алған. Жас кезінен Нұрсұлтан Әбішұлы білімге құштар, зерек, ұқыпты, алғыр оқушы болды. Жас натуралистер үйірмесінің мүшесі болды. Әдеби кітаптарды қызыға оқитын. Барлық пәндерден өте жақсы деген бағаға оқыды. Сыныпта бірге оқитын жолдастарынаүнемі көмектесетін.
Шапавалов Александр- Стокгольм университетінің математик ғалымы, профессор, Коваль Людмила Александровна- математика ғылымының профессоры, ғалым, академик.
Сонымен қатар мектеп түлектерінен көптеген спорт, өнер майталмандары, саясаткерлер, республика, облыскөлеміндегі басшылар шықты.
Мектеп 720 орындық, қазіргі уақытта 46 сыныпта 1111оқушы білім алуда, 4 мектепалды даярлық тобы және шағын орталық жұмыс істейді. Мұғалімдер саны – 85 .
Біз Қарасай батыр атындағы орта мектептің ұжымы, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлыныңмектебіміздің түлегі екендігін мақтан тұта отырып, тәуелсіздік жолындаөлшеусіз еңбек еткенЕлбасымыздың игі істерін жалғастыратын, Президентіміздің 2050 стратегиялық бағдарламасыныңталаптарына сай еліміздің өркендеуінеқосылуына үлес қосатын, ғылым мен жаңа технологияны меңгерген парасатты , үздік оқу, үлгілі тәртіпті, егеменді еліміздің білімді азаматы, шынайы патриоттары болатын ұландар тәрбиелеу жолында еңбек етеміз.
