1. "Білім берудің мазмұнын, түрін және әдістерін жаңарту - білім сапасынарттырудың басты шарты" тақырыбында семинар
«Алматын облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қарасай батыр атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
семинардың №1 хаттамасы
«29» қараша 2021 ж Шамалған ауылы
Қатысқандар-50
Қатыспағандар-0
Төрағасы А.Коржумбаева
Хатшы А.Жубантаева
Күн тәртібінде:
- "Білім берудің мазмұнын, түрін және әдістерін жаңарту - білім сапасынарттырудың басты шарты" тақырыбында семинар барысы
Тыңдалды
Мектеп директоры А.Коржумбаева
Бүгінгі таңда білім берудің сапасы мен деңгейін жан-жақты көтеріп, жаңаша ойлайтын, оқыту мен тәрбиенің жаңа технологиясын күнделікті жұмысында қолдана білетін ұстаздардың ғана жұмысы жемісті болмақ. Тек терең білім, іскерлік дағды, кәсіби біліктілік кез-келген ұстаздың күнделікті іс-әрекетіне енгенде ғана қабілетті тұлға, яғни жан-жақты заман талабына сай, дүниетанымдық қасиеті дамыған, сыни тұрғысынан ойлауды көздейтін ойшыл азамат тәрбиелеу болса, оны атқаруда колледж әдіскерлеріне үлкен жауапкершілік жүктелетіні анық.
2020-2021 оқу жылынан бастап Қарасай батыр орта мектебі магниттік мектептер қатарына еніп, Алматы облысы білім басқармасы, облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының «Білім беру сапасын арттыру және тиімді жұмыс істеудің режимі» жобасы аясында Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Әл-Фараби атындағы арнаулы гимназиясы облыстық семинарда іс-шара тәжірибелерімен бөлісті . Осы мақсатты жалғастыру мақсатында 2021 жылдың 29.11 күні Қарасай ауданы білім бөлімінің аға әдіскері М.Нурсапаеваның ұйымдастыруымен Қарасай батыр орта мектебі магниттік мектептерге "Білім берудің мазмұнын, түрін және әдістерін жаңарту - білім сапасынарттырудың басты шарты" тақырыбында аудандық семинар өткізді.Семинар төмендегі бағдарлама бойынша жүйелі түрде өтті
1.Қонақтарды қарсы алу, семинардың ашылуы
2. Ашық сабақтарға қатысу
3.Дарынды оқушылардың шығармашылық көрмесі.
4. Күнделік.KZ электрондық журналын тиімді жүргізу жолдары
5. Кәсіби құзыреттілікті арттыруда әдістемелік жұмысты түрлендіру
6. БП: «Болашақта Қазақстанның экономикасын көтеру жолын ұсынады»
7. Психологиялық тренинг
8. «Тарихы сырлы, ертеңі нұрлы ғажап ел!» салтанатты іс-шара.
9. Еркін пікір алмасу
Семинарға аудандағы 5 магниттік мектептердің (Қосынов атындағы орта мектебі, Қайнар орта мектебі, Береке орта мектебі, Еңбекші орта мектебі, Ә.Байсалбаев атындағы орта мектебі)басшылары, директордың орынбасарлары және пән ұстаздары, педагог-психологтар қатысып, тәжірибе алмасты. Тәжірибелі ұстаздар Информатика пәні мұғалімі Ж.Умирзаков Информатика пәнінен 8 «Б» сыныпта
« Spreadsheets. Formulas Формулалар. Электрондық кесте.» (Үштілділік бойынша) , Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Жубантаева «Тарих қойнауында» тақырыбында 6 «А» сыныппен , бастауыш сынып мұғалімі Н.Кыдырова, Дүниетану сабағынан 4 “Б” сыныппен « Қазақстандағы ғылымның дамуы.Ғалым Қ.Сәтбаев» ,
Информатика пәні мұғалімі Г.Исмаилова « Кестелі мәліметтердің графикалық ұсынылуы» тақырыбында 7 « ә» сыныппен, Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі З.Айдинова «Образ “Маленького человека в литературе” Поветь Н.В.Гоголя “Шинель”» тақырыбында 9 «В» сынппен,
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі А.Елибаева «National parks» тарыбында 6 «Б» сыныппен ашық сабақтар сабақтар өткізіп,
Секциялық жұмыстар бойынша ДОІЖО А. Утебаев
«Күнделік.KZ электрондық журналын тиімді жүргізу жолдары» тақырыбында электронды күнделік журанлы бойынша ақпараттарды жинақтау, жылдам тарату, өндіру және мұғалімдер бөлемесіндегі интерфейтің қолдану мүмкіндіктерімен
таныстырды.Сондай-ақ директордың оқу ісі және әдістеме ісі жөніндегі орынбасарлары А.Ораз мұғалімдердің «Кәсіби құзыреттілікті арттыруда әдістемелік жұмысты түрлендіру» тақырыбында әдістемелік жұмыстардың нәтижелі жақтары мұғалімдер мониторингтерінің жұмыстарына тоқталып өтті.
Республика және облыс көлемінде тәжірибесін таратып жүрген озат тәжірибелі ұстаз Ж.Карабекова оқытудың инновациялық әдіс -тәсілдер, кәсіби құзыреттілік, озат тәжірибе және цифрлы сауаттылық , АКТ құралдарын тиімді пайдаланудың жолдары мен әдістерін тәжірибе жүзінде Core app тақтасын ресурс ретінде нәтидеге бағыттап қолдану жолдарын тәжіридесінен паш етті. Сондай-ақ «Шапағат» дебат клубының жетекшісі Ж.Дәуірхан БП: «Болашақта Қазақстанның экономикасын көтеру жолын ұсынады» тақырыбында дебат өткізді. Мектеп психологтары
Г.Толепбаева , Д.Умаргазиева Қонақтардың жағымды қарым-қатынас , ахуалын орнату мақсатында
Семинар соңы «Тарихы сырлы, ертеңі нұрлы ғажап ел!» атты Тәуедсіздіктің 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шарамен жалғасын тапты.
Сөз сөйлегендер:
1.М.Нурсапаева,аудандық білім бөлімінің аға әдіскері. Магниттік мектептер арасындағы бұл жоба мектептер арасында алтын көпір болып жалғасын тауып келеді.Семинар тақырыбы жаңаша талапты қажет етеді.Сабақ барысында пән мұғалімдеріне цифрлы сауаттылық, АКТ құралдарын тиімді қолдану қажеттілігі туындады.
2. Қосынов атындағв орта мектептің директоры Д. Саусакбаев сөз алды. Н.Кыдырова, Дүниетану сабағынан 4 “Б” сыныппен «Қазақстандағы ғылымның дамуы.Ғалым Қ.Сәтбаев» , Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі А.Елибаева «National parks» тарыбында 6 «Б» сыныппен өткен сабақтарға қатысқанын айтып, ой-пікірін білдірді.
Сабақ барысында пән мұғалімдері бүгінгі заман талабына сай платформаларды қолданды.Күнделік.kz бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Утебаевтың көрсеткен тәжірибесі мектеп әкімшілігі үшін тиімді ақпараттарды оңай алуға болатыны туралы көптеген мәліметтер алдық.Олқылықтармен жұмыс барысы бойынша тәжірибе алмастық.
3.Еңбекші орта мектебінің әдістеме ісі жөніндегі орынбасары Мұқан Үміт Айбекқызы: Әдістемелік жұмыс бойынша жас мамандармен жұмыс,бірлестік жұмысы,озық тәжірибе тарату жұмыстарымен танысып,практика жүзінде жұмыстар атқарылды.
4.Байсалбаев атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ажибекова Зарина қазақ тілі ,орыс тілі сабағы барысында оқушылардың мәнерлеп оқуына,каллиграфияға көңіл бөлу қажет және уақытты тиімді пайдалануға ұсыныс жасады.
Қаулы
- Магниттік мектептер жұмысының нәтижелі қырларын таныта білу
-Тәжірибе барысында серіктес мектептермен кәсіби байланыс орнату, жаңартылған білім беру мазмұнын іске асыру,білім сапасын арттырудың тиімді әдіс-тәсілдерін ұтымды пайдалану;
-Мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін дамыту бойынша жұмыстар ұйымдастыру және жетекші мектеп ретінде аймақта әдістемелік бірлескен іс-шаралар өткізу.
-Тәжірибе тарату,өзара оқытуды ұйымдастыру үшін ынтымақтастық орта құру ;
-Берілген кері байланыстар негізінде, магниттік мектептерде ашық сабақтар тізбегін жалғастыру, сыртқы ортамен байланысты нығайту.
-Өткізілген іс-шаралардың жинақ материалдарын БАҚ құралдары мен әлеуметтік желілерге тарату
Төрағасы А.Коржумбаева
Хатшы: А.Жубантаева