08
сентябрь
2022
5-11 сынып оқушылары іс-шаралар барысында Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығы мен тарихи сахнадағы қайраткерлігі туралы тың деректермен танысып, өз пікірлерін айтты.
Қарасай батыр атындағы орта мектебінің тарихшылары Қарабекова Жанат Шеркуловна, Утеева Сымбат Қалыбайқызы, Медеуова Айдана Бауыржановна, Мавлюд Павлович, Мусабаева Гулнара Нуркасымовна, Кушикбаева Гулмира Умирбаевна 2.09-9.09.22 күндері аралығында ХХ ғасырдың біртуар азаматы, өз халқының айнасы болған ұлы қоғам қайраткері, ақын, ұстаз, ағартушы ғалым Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығы жайлы ашық сабақтар өткізді. Сабақ барысында деректі фильмдер көрсетіліп, «Қазақ» газетіндегі материалдар жинақталған дерек құжаттарымен талдау жүргізілді. 5-11 сынып оқушылары іс-шаралар барысында Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығы мен тарихи сахнадағы қайраткерлігі туралы тың деректермен танысып, өз пікірлерін айтты.





